1 2 3 4 5 6

Компания туралы

1995 жылы Қазақстан Республикасы тұрғын-үй және өндірістік кешендер құрылысын қалыптастыру жолында алғашқы қадамдарын жасады.
Нарықтағы құрылыс материалдарының жетіспеушілігі жаңа кәсіпорындардың ашылуына түрткі болды.
Осы толқында біз Ресей мен Украина зауыттарынан қажетті сортты және өлшемді метал табақтарын жеткізетін компанияны құрдық.
2002 жылы «SONiK Компаниялар» тобы метал өнімдерін сату үшін меншік базасын сала бастады.
2004 жылы компания Ресей зауыттарын метал табақтарын жеңілдікті бағамен алу құқығын беретін, «ЕвразХолдинг» СҮ ЖШҚ дилерлік сертификатын алды.
2006 жылдың басында мырышталған пішінделген төсем, полимер жабыны бар метал жабынқыш, тік бұрышты және шаршы құбырларды өндіретін цех іске қосылды. («STs сталь центр» ЖШС)
2011 жылдың 4 шілдесінде «Sonik компаниясы» ЖШС Алматы облысында пішінделген құбырларды өндіретін зауытты іске қосты. Зауыт әртүрлі өлшемді тік бұрышты және шаршы қималы пішінделген құбырларды шығарады.
Қызмет атқару мерзімі ішінде компания сенімді серіктес беделіне ие болды.
Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталған, бұл өндіруші-зауыттардың сапа және сәйкес сертификаттарымен расталады.
Сортты метал табақтың, құбыр табағының үлкен ассортименті клиенттердің әртүрлі өтінімдерін жедел орындау, құрастырылатын вагондарды қалыптастыру, Қазақстан және жақын шетелдер бойынша қысқа уақыт ішінде машиналармен жеткізу мүмкіндігін береді.
Біздің ірі сатып алушыларымыз: көпірлер салатын, металды құрылымдар, әртүрлі темірбетонды өнімдер шығаратын зауыттар, сонымен қатар құрылыс компаниялары.
Кәсіпорынымыздың іскерлік беделінің үздік көрсеткіштері: клиенттерге арналған кешенді шешімдер, әрбір клиентпен жеке тіл табу қызметі болып табылады.